Білім және ғылым министрлігі балаларды мектепке 6 жастан бастап қабылдауды ұсынды
ҚР Білім және ғылым министрлігі балаларды мектепке 6 жастан бастап қабылдауды ұсынды. Бұл туралы вице-министр Такир Балықбаев мәлімдеді.
«Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды.
Құжат бойынша, мектепте бір сыныпта әртүрлі жастағы балалардың оқуына жол бермеу мақсатында қатаң түрде 6 жастан бастап мектепке қабылдау ұсынылды», - деді Білім және ғылым вице-министрі.
Заң жобасы Республикалық бюджеттік комиссияда мақұлданды.
«Сонымен қатар, құжатта түлектерге алғашқы техникалық және кәсіптік білімді тегін беру жағы қарастырылған», - деді Т.Балықбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35