«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты - экология, жер ресурстары және қоршаған ортаны қорғауға қызығушылық танытқан өрендерді анықтап, оларға қолдау көрсету.
Форумның алғашқы екі кезеңінде үздік деп танылған жас өлкетанушылар ақтық сайыста «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының базасында бас қосты. Өзекті мәселелерді талқылап, экологиялық, биологиялық және ғылыми-техникалық бағыттарда дайындаған жобаларын қорғады. Жеңімпаздар жас экологтар мен өлкетанушылардың республикалық сайысына қатысады.