Шығыс Қазақстанда жас ақындар айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жас ақындар айтысы өтті

04.12.2015
Шығыс Қазақстанда жас ақындар айтысы өтті

Аталмыш шараны «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері ұйымдастырдыдеп хабарлайды Altaynews.kz.

Шараның мақсаты – қалың көпшіліктің аарсында теңдессіз мәдени құндылықтарымыз бен тарихымызды және Елбасының жолын насихаттау. Сонымен қатар, билік өкілдерінің  аталмыш өнерге деген назарларын аудару.

«Байқауды ұйымдастырудағы ең басты міндет –жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. Сондай-ақ бұл біздің өңіріміздегі айтысты дамытуға деген тағы бір қадам», дейді «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әнуарбек Мұқтарханов.

Айты кететін мәселе, екі бөлімнен тұратын айтысқа 6 жұп қатысты. Бірінші бөлімде ең көп ұпай жинаған ақындар жеңімпаз атану үшін өзара сайысқа түсті. 

Сайыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан келген Нұржан Өмірбаев жеңіп алды. Бірінші орынды семейлік Манарбек Сатыпалды алса, екінші орын тағы да семейлік Серік Қуанғанға бұйырды. Үшінші орынға Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданынан келген Алпыс Жақиянов қол жеткізді.  

Хабарламаларға жазылу