Ақмола облысының 50 мұғалімі халықаралық грант негізінде білімдерін жетілдіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының 50 мұғалімі халықаралық грант негізінде білімдерін жетілдіреді

12.05.2017

Ақмола облысының 50 мұғалімі халықаралық грант негізінде жаңа технологиялар бойынша білімдерін жетілдіреді.

Бұл бастаманы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ұжымы іске асырады.

Жоғары оқу орнының ғалымдары «Туған жер: Парасат пен парыз» акциясы аясында Көкшетауға арнайы барды. Олар жергілікті билік өкілдеріне, ғалымдар мен кәсіпкерлерге тың жобаларын ұсынды. Қоқыс өңдеу зауытын салу арқылы экологиялық жағдайды жақсарту жолдары түсіндірілді. Бұл туризмді дамытуды мықтап қолға алған Ақмола аймағы үшін маңызды. Жиын соңында тараптар әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды. 

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу