Мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания өкілдері сый-сияпатқа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания өкілдері сый-сияпатқа ие болды

14.12.2018

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Президент атынан бір топ азаматқа «Барыс», «Парасат», «Құрмет» ордендерін табыстады. Олардың ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, «Қазақтелеком» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова «Парасат» орденімен, Білім және ғылым вице-минисрі Бибігүл Асылова, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев «Құрмет» орденімен марапатталды.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу