Атырауда мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасы қорытындыланды

26.03.2018

Атырауда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасы қорытындыланды. Сайыс жаратылыстану-математикалық бағытта өтті. Бәсекелі додаға республиканың 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 800-ге жуық оқушы қатысты. Наурыздың 15-і мен 20-ы аралығында өткен жарыста 19 команда өзара бақ сынады. Білім додасында Құралай Қуанышева оқ бойы оза шауып, жеңіпаз атанды. Қазылар алқасы мүшесінің шешімімен бірінші дәрежелі диплом және алтын медальмен 67 оқушы, екінші дәрежелі дипломмен және күміс медальмен 104 оқушы, үшінші дәрежелі дипломмен және қола медальмен 177 оқушы марапатталды. 

Құралай Қуанышева, Олимпиада жеңімпазы:

- Олимпиада оңайға соққан жоқ. Қиындығы көп болды. Осындай сый-сияпатқа ие болғаныма өте қуаныштымын.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу