Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана келер жылы балаларға арналған бөлім ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана келер жылы балаларға арналған бөлім ашады

29.12.2017

Бұл туралы мекеменің директоры бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бас қосқан кездесуде айтты. Қазір балалар әдебиетін жинақтау жұмыстары жүріп жатыр.  Сондай-ақ, кітапхана ұжымы  оқырмандарға кешкі мезгілде қызмет ету мәселесін қарастыруда. Электронды кітаптар саны 20 мыңнан асады. Заман талабына сай  санын арттыру жұмыстары да қарқынды жүруде. Негізгі қор отандық және шетелдік еңбектерді қосқанда 1,5 млн-ға жетеді. Өзге елдердің кітапхана тәжірибесімен алмасу үшін шетелдермен тығыз байланыс жасалуда,- дейді мамандар.  Кездесу барысында кітапхана жұмысының насихатталуына сүбелі үлес қосқан бірқатар БАҚ ұжымы сый-сияпатқа ие болып, алғысқа бөленді.  

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу