Тараздық 80 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараздық 80 отбасы баспаналы болды

19.12.2017

Тәуелсіздік тойына тараздықтар үшін тағы бір тарту. Мерекеге орай 5 қабатты 2 тұрғын үй пайдалануға берілді.  80 отбасы баспаналы болды. Тұрғын үйлер «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғызылған. Жыл басынан бері осындай 10 үй әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балаларға, көпбалалы аналарға берілді. Ардақ Жантаева – бүгін баспаналы болып, қуанышқа бөленгендердің бірі. 7 баланың анасы 12 жыл бойы кезек күткен. 3 бөлмелі пәтерге қол жеткізген ананың алғыстан басқа айтары жоқ.

Ал, Жамбыл облысы Жуалы ауданында Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Заманауи үлгідегі  нысанға 120 млн.теңге қаржы жұмсалған.  Жаңа ғимарат көлемі - 1000 шаршы метр. Кең де жайлы. Жедел де сапалы қызметке мүмкіндік мол.

Хабарламаларға жазылу