Еуропадағы қандастар қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропадағы қандастар қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16.12.2017

«Алаш жұртының азаттығы баянды, мәртебесі асқақ болсын!». Ұлық мерекені дүркіретіп тойлап жатқан Еуропадағы қандастарымыз да қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жүрекжарды тілектерін білдіруде.

Гүлжанат Короди, Мажарстандағы қазақ диаспорасының өкілі:

- Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Еліме зор жетістіктер, жақсылықтар тілеймін. Біз алыста жүргенмен, әрқашан елімізге тілекші болып жүреміз. Елдің дамуына өте ризамыз. Өте қуаныштымыз. Тек осылай өркендеп, дами берсін.

Ақмарал Әмірқұлова, Бельгиядағы қазақтардың «Шаңырақ» ұйымының төрайымы:

- Қазақстан қазір қарқынды дамып жатқан ел. Өте қуаныштымыз. Елбасына рахмет. Экономика жақсы өркендеп жатыр. Аспанымыз ашық, бейбітшілік болсын. 

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу