Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Егемендікке қол жеткізіп, оны дүниеге паш ету бір бөлек те, оны сақтап қалу одан да зор міндет екенін еске салды Елбасы. Біз байтақ даланың заңды мұрагеріміз. Бұл – ата-бабамыздың аманаты. Осыны ешқашан ұмытпауды керек деді Тұңғыш Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:-Бұрынғы Кеңес одағы құлаған тұста дүниедегі ең үлкен экономикалық дағдарысты артқа тастап, қазіргі жаһандық пандемияны да еңсеріп отырмыз. Басымызға түскен сынақтар бізді шыңдап, рухымызды күшейтіп, жігерімізді арттырды, ортақ мақсатқа жұмылуымызға түрткі болды. Қазақстанның даму мен өркендеу жолында үнемі алға басуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, берік негіз қалыптастырдық. Әр елдің ең ұлы, ең қастерлі мерекесі бар. Біз үшін ол – Тәуелсіздік күні. Бүгін біз сол тәуелсіздіктің отыз жылдығына қадам басып отырмыз. Бұл – жұртымыз үшін мерейлі белес, зор қуаныш. Егемен еліміздің жаңа дәуірі, жарқын жетістіктеріміздің жаңа кезеңі басталды деген сөз. Біздің бағындырар белесіміз бен шығар шыңымыз әлі алда! Баршаңызды сол мақсаттарға қол жеткізіп, Қазақстанды өркениетті отыз елдің қатарына қосу үшін аянбай қызмет етуге шақырамын.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық футболшылардың сапына әлемдегі үздік ойыншылар қосылды
24.01.2026, 20:15
Қарағанды облысында көпқабатты тұрғын үйлердегі жаңа басқару жүйесі талқыланды
24.01.2026, 19:57
Интернет-алаяқтыққа байланысты Бас прокуратура үндеу жасады
24.01.2026, 19:56
Саясаттанушы: Тиімді саяси реформалар - ел дамуының көрсеткіші
24.01.2026, 19:40
Халық пікірі: Конституциялық реформа – саяси жаңғырудың өзегі
24.01.2026, 19:38
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
24.01.2026, 19:35
Конституциялық реформа – ауқымды өзгерістің бастауы
23.01.2026, 21:09
60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
23.01.2026, 20:39