Шетел басшыларымен алғашқы келіссөздерім картадан Қазақстанның қай жерде екенін көрсетумен басталатын – Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетел басшыларымен алғашқы келіссөздерім картадан Қазақстанның қай жерде екенін көрсетумен басталатын – Н.Назарбаев

16.12.2017

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жылдам өсуге қол жеткізіп қана қоймай, ел болашағының  берік негізін қалады. Қазақстанның жаңа тұрпаты қалыптасты. Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауға қатысқан Мемлекет басшысы ел дамуының барысына осылай баға берді.

Қазақ кәсіпті игеруді мықтап қолға алды. Нәтижесінде елімізде бұрын-соңды болмаған кәсіпкерлер шоғыры қалыптасты. «Бүгінде миллионнан астам қазақстандық өзінің жеке кәсібін жүргізіп, барлық ұлттық кірістің төрттен бірін қамтамасыз етіп отыр»,- деді Елбасы. Сондай-ақ, елдегі экономикалық өзгерістердің табысты болғанына ерекше назар аударды. Соңғы 7 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібінің жаңа 24 секторы пайда болды. Бүгінге дейін  Орталық Азия елдеріне құйылған шетел инвестициясының 80 пайызы Қазақстанға бағытталып отыр. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Менің шетел басшыларымен келіссөздерім алғашқы жылдары ең алдымен картада Қазақстанның қай жерде екенін картадан көрсетумен басталатын. Ал, қазір қуаты тасыған, мерейі асқан, келешегі кемел, жаңа сипатты ел болдық. Әлем төріне озып, Төле би ретінде төрелік айтатын табысты мемлекетке айналдық. Біз қуатты мемлекет құрудың ұлы миссиясын Сіздермен бірге абыроймен атқарып шықтық.

 

Шынар АСАН

Хабарламаларға жазылу