Өскемен қаласының әкімі халықпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен қаласының әкімі халықпен кездесті

04.02.2019

Қағазсыз, үстелсіз, мінберсіз өткен жиын. Өскемен әкімінің есебі ерекше форматта өтті. Қаланың кіріс-шығысы, табысы, қордалы мәселелері, оны шешу жолдары слайд арқылы көрсетілді. Тұрғында р емін-еркін сұрақтарын қойып, әкіммен емен-жарқын әңгімелесті. Айта кетейік, Өскемен халқының саны 343 мыңнан асады. Бюджеті 56 миллиард теңгеге жуық. Бұл қаржының үштен бір бөлігі білім саласына, 30 пайызы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысына, 23 пайызы қаланың инфрақұрылымына жұмсалады. Жиында сапасыз тұрғын үйлерге қатысты сұрақтар қарша борады.

Жақсылық Омар, Өскемен қаласының әкімі:

- Біз ол сұрақтан қашпаймыз, оны шешуіміз керек. 19-шы шағын аудандағы әр үй бойынша жоспар бекітеміз. Қай жерде шатырды, қай жерде ішкі әрлеу жұмыстарын жасау, терезені ауыстыру бойынша. Сол жердегі тұрғындармен бірге осы жұмысты атқаратын боламыз.

Хазилә Қабышева, қала тұрғыны:

- Бұрын өзіміз сабақ оқып тұрғанда картадан көрсетіп тұрушы еді . Сол сияқты не орындағанын, не істелгенін картадан көрсетіп, 2019 жылы осылай істейміз, орнатамыз, қолымыздан келгенше жәрдем жасаймыз деп жатыр. Мұндай бұрын болмаған, бұл қазақ тілінің және технологияның дамығаны. Бәрін санмен көрсетіп, қазақша сөйлеп тұр.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу