Адамды өлімге жетелейтін ғимараттар қай қалада, қай жерде орналасқан? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адамды өлімге жетелейтін ғимараттар қай қалада, қай жерде орналасқан? (ВИДЕО)

01.07.2017

Қазақстан суицид бойынша әлемде 10-шы орында тұр. 2017 жылдың 1-тоқсанының өзінде 850 қазақстандық биіктен секіріп, күре тамырын қиып, асылып өлген. 1 жылда кәмелет жасына толмаған 201 ұл мен қыз өз-өзін өлтірген. Тағы 500-ін асылып тұрған жерінен аман алып қалған. Адамды өлімге жетелейтін ғимараттар қай қалада, қай жерде орналасқан?

«Мәселенің» бүгінгі шығарылымы осы мәселелер жайлы болды.

Адам өз-өзіне қол салуға апаратын дүниелердің бірі – әлеуметтік желі. Мәселен, жыл басында Қарағандыда өз-өзіне қол жұмсаған 19 жастағы студенттің өлімін «Көк киттен» көргендер болды.

Бұдан бөлек, Ұлбыританияда «Тыныш үй» деген ойын шыққан. Оқушылар тұз бен мұзды қосып, өз денелерін өздері күйдіріп тастайды екен және мұндай қадамға барған ондаған оқушы мүгедек болып қалған.

Хабарламаларға жазылу