Әлемдегі ең алғашқы метро қай жерде пайда болды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең алғашқы метро қай жерде пайда болды?

14.07.2015
Әлемдегі ең алғашқы метро қай жерде пайда болды?

Тарихи деректерге сүйенсек, адамдар осыдан бірнеше ғасыр бұрын жер астына  жол салған. Оған дәлел діни қызметкерлердің рәсімдерін жасайтын орындардың табылғандығы және жерасты су құбырларының болуы.

Десек те, жер астынан көлік жүретін арнайы жол салуды яғни, туннель қазуды XIX ғасырда алғаш рет Англияда қолға ала бастады. Сол кездері Лондон қаласы қарыштап дамып, тұрғындар да күн санап көбейді. Көше қиылыстарында бұрын-соңды болмаған кептелістер пайда болды. Адамдар амалдың жоқтығынан жаяу жүруге мәжбүр еді.

Ал, жүрдек пойыздың жолын ұзартуға  қатаң түрде тыйым салды. Тіпті, Темза өзенінің жағалауына келіп тоқтаған кемелердің өзі шамадан тыс көбейіп кетті.  Осыны ескерген инженер Марк Брунель Англияның парламент үйіне барып, Темза өзенінің астымен жүрдек пойыз жүріп өтетін туннель қазуға рұқсат алады. Құрылыс 18 жылға созылады. Алғашқы метро құрылысы оңайға түскен жоқ.

Осы жылдар аралығында адам шығыны да болды. Алайда, Марк Брунель Темза өзенінің астымен өтетін 400 метрлік  туннельді салып бітірді.

Ол екі жағалауда орналасқан Опенинг пен Ротерхайдті байланыстырып тұрды. Міне, әлемдегі алғашқы метроның, Лондон метросының тарихы осындай.

Хабарламаларға жазылу