Басты Жаңалықтар Ұлттық арна мерекелік тарту дайындауда

Ұлттық арна мерекелік тарту дайындауда

Қазақстан Ұлттық телеарнасы Тәуелсіздік мерекесіне орай көрермендерге ерекше тарту жасамақ. Демалыс күндері бірнеше ауқымды жобалардың шығарылымы жоспарланып отыр. 16-ы сағат 11:05-те тікелей эфирде «Тәуелсіздік тұғырым» атты арнайы жоба көрермендерге жол тартады. «Қазақстан Today» жобасы аясында арнайы роликтер көрсетілмек. Сондай-ақ, «Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері», «Нұрлы жол», «Алаш алыптары» сияқты деректі фильмдер де көрерменге жол тартпақ. «Еуразия барысы – 2017» халықаралық турнирі де спортсүйер қауым үшін Қазақстанның басты арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. 

Ерлан Қарин, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы:

- Ең бастысы, мереке күндері Ұлттық арнаның мега жобаларының ақтық бөлімдері жоспарланған. Ұлттық арна көрермендерінде 16-желтоқсанда 21:30-да «Silk Way Star» халықаралық мегажобасының финалы және 17-желтоқсан 20:55-те «Мен қазақпын» халықаралық музыкалық жобасының гала-концертін тамашалауға мүмкіндік туады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Бөлісу