Жергілікті тұқыммен герефордты будандастырып, шаруалар ірі қараның жаңа тұқымын алған. Бір қарасаңыз, кәдімгі қазақтың ақбас сиыры сияқты, бірақ буданнан алынған төл.
Арқаның аязына шыдамды, үш жасар бұқасының салмағы 800 келіден, 1 тоннаға дейін жетеді.
Сондықтан мұндай аталықтарға сұраныс жоғары. Соңғы жылда серіктестік 60 шақты бұқаны өзге өңірге тұқым алуға жөнелткен.
Сондай-ақ, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер Астана нарығын сүт өнімдерімен, жұмыртқамен және өзге де бірінші қажеттілікке жататын азық-түлікпен қамтамасыз етеді.
Мәселен өткен жылы 70 мың тонна сүт, жиырма мың тонна ет өнімдері, 213 мың жұмыртқа, 90 мың тонна картоп жеткізілген.
Биыл бұл көрсеткіштер еселеп артпақ. Себебі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жасалып жатқан мемлекеттік қолдау қомақты.
Ермек ЕЛБЕРГЕН