«ЭКСПО»-дағы жобалар іске асырыла бастады
Шығыс Қазақстан облысы «ЭКСПО-2017» көрмесіне ұсынған жобаларын жүзеге асыра бастады. Мәселен, Ұлттық ядролық орталық отандық павильонға «Қазақстандық материалтанымдық термоядролық Токамак реакторын» ұсынды. Дәл қазір аталған жоба Курчатов қаласы аумағында іске асып келеді. Ал, Өскемен және Семей қалаларында көше жарықтандыру жүйесін жаңарту жоспары қолға алынды. Модернизация бағдарламасына сай, 25 мыңнан аса көше шамдары әлдеқайда тиімді түрлеріне алмастырылады. Нәтижесінде қуат көздерінің 40 пайызы үнемделмек. Бұған қоса, «ЭКСПО»-да ұсынылған жобаларды зерттей келе, Шығыс Қазақстанда 12 жоба қолға алынбақ. Энергетика және экология салаларында – 5 жоба болса, сумен қамту саласында – 2 жоспарды іске асыру көзделген.
Дарын САҒИТОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06
Смартфонды 2 сағаттан артық қолдану денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін
18.07.2026, 20:05