«ЭКСПО-2017» жобаларының болашағы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» жобаларының болашағы

22.09.2017

«ЭКСПО» көрмесінде ұсынылған 100-ден астам жоба жүзеге асырылып, қолданысқа енгізілмек. Бұл туралы бүгін Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. Жобаларды зерттеу үшін 40 сарапшыдан тұратын арнайы топ құрылған. Мамандар көрме павильондарын аралап, жаңа технологияларға баға берді. Нәтижесінде Австрия, Германия, Ресей, Финляндия сынды мемлекеттердің  технологияларының тізімі жасалды.

Атап айтқанда, мұнай мен газ бойынша - 27 технология, көмір және атом өнеркәсібі бойынша – 5 технология, электр энергетикасы бойынша - 44, сондай-ақ, суды тазарту, қалдықтарды қайта қолдану, экология жөнінде 29 технология сараптап алынды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу