Екі күннен бері «ЭКСПО» көрмесін 200-ден астам жас жауынгер тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі күннен бері «ЭКСПО» көрмесін 200-ден астам жас жауынгер тамашалады

07.09.2017

Сарбаздар да «ЭКСПО»-да. Екі күннен бері көрмені 200-ден астам жас жауынгер тамашалады. Олардың көбі бірнеше ай бұрын ғана әскерге шақыртылыпты. Қазақстанның әр өңірінен келген жауынгерлерге осылайша, көрмені аралау мүмкіндігі бұйырған. Алайда, рота командирінің сөзінше, «ЭКСПО»-ға тек тәртібі жақсы болған әрі үздік қызмет еткендер ғана келіпті. Олар әр елдің павильонына кіріп, мемлекеттердің мәдениетімен танысты. Ұлттық ұландықтарға мұндай мүмкіндікті сыйлаған – «ЭКСПО» компаниясының жетекшілігі.

Айта кетейік, бүгінде «ЭКСПО» аумағында Ұлттық ұланның 1500 қызметкері қауіпсіздікті қадағалап жүр.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу