«Болашақтың энергиясы» форумы инновацияларды дамытуға ерекше үлес қосады - В.Лоссерталес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақтың энергиясы» форумы инновацияларды дамытуға ерекше үлес қосады - В.Лоссерталес

10.12.2015
«Болашақтың энергиясы» форумы инновацияларды дамытуға ерекше үлес қосады  - В.Лоссерталес

Аталмыш шараны «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Назарбаев университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл ЭКСПО-2017 алдында ұйымдастырылып жатқан конференциялар сериясының екінші шарасы, деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі. 

Онда негізгі баяндаманы Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес жасады. «Болашақтың энергиясы» «Астана ЭКСПО-2017» форумының тақырыбы ретінде білім беру, инновацияларды дамыту мен энергетика саласы бойынша  ынтымақтастықты қалыптастыруға айтарлықтай ықпал етеді»,-деді ХКБ-ның Бас хатшысы. 

Қазақстанның Энергетика министрі Владимир Школьник «Болашақтың энергиясы» форумын ашып тұрып, қазір энергетикаға деген әлемдік көзқарасты талқылайтын нағыз кезең екендігін атып өтті.

«Біз даму  үдерісі барысында энергетиканың қаншалықты маңызды рөл атқаратынын айқын түсінеміз. Соған қарамастан, қазба отындарды жағу кезінде пайда болатын көмірқышқыл газының қалдықтары жердегі климаттың өзгеруіне әсер етіп отыр. Қалыптасқан жағдай жергілікті, ұлттық және жаһандық тұрақтылықтың негізіне нұқсан келтіре отырып, әлем бойынша жүздеген адамдардың өмірлеріне қауіп төндіруде»,-деді Энергетика министрі. 

Оның сөзінше, Қазақстан «Болашақтың энергиясы» тақырыбын жаһандық энергетикалық проблемаларды шешу ісіне жауап ретіндегі әлемдік қауымдастықтың күшін біріктіру үшін Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің тақырыбы етіп алды. 

Парижде өткен форумға саясат пен энергетика саласындағы сарапшылар мен ұлттық кәсіпорындар және трансұлттық компаниялардың, ірі халықаралық ұйымдар мен Нобель сыйлығы лауреаттарының, белгілі ғалымдары мен экономистердің басын қосты.

 

 

Хабарламаларға жазылу