Қазақстан мен Израиль студенттері бірлескен жоба әзірледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Израиль студенттері бірлескен жоба әзірледі

28.06.2017

«ЭКСПО» көрмесі аясында өткізілген шараға 30 шақты студент қатысты. Олар 1 аптадан бері «болашақтың энергиясы» тақырыбында жаңа технологиялар мен оны үнемдеу жолдарын ойлап тапқан. Жастардың барлығы графикалық дизайн мамандығында оқиды. Қазақстандықтар Темірбек Жүргенев атындағы өнер академиясының 3 курсында білім алып жатыр. Олардың сөзінше, Израиль мамандарынан сабақ алып, тың жоба дайындау үлкен тәжірибе болған.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу