Қазақстан мен Вьетнам ортақ ілкімді жобаларды жүзеге асыруға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Вьетнам ортақ ілкімді жобаларды жүзеге асыруға ниетті

29.08.2017

«ЭКСПО» қалашығында бүгін Вьетнам Социалистік Республикасының ұлттық күні өтті. Бұл елдің павильоны баламалы энергия көздері саласындағы жаңа жобаларға арналған. Экпозициялар - мемлекеттің тарихы, мәдениеті мен тұрмысы туралы сыр шертеді. Вьетнам миллиондаған тұрғындар үшін жеткілікті энергияны өндіруге талпынуда. Олардың басым бөлігіне электр энергиясы қолжетімсіз. Негізгі үрдіс - таза және төмен көміртекті жаңартылатын энергия көздеріне ауыстырылуда. Мемлекет жанартылатын энергия көздеріне бағыт алған, соның ішінде Күн және жел энергиясы басым. 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерін пайдалану коэффициентін 10,7%-ға ұлғайту жоспарлануда. Ал, біздің елмен сауда-саттық саласында әріптестік жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстанның экспорты былтыр 167 миллион доллардан асқан.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу