Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің басталғанына - 81 күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің басталғанына - 81 күн

29.08.2017

Жер-жаһаннан және еліміздің түкпір-түкпірінен халықаралық шараны тамашалауға келетіндер қатары азаяр емес. Соңғы бір апта ішінде мамандандырылған көрмеге 350 мыңға жуық адам келген. Орта есеппен алғанда, күніне 49 мың 600 қонақ тамашалапты. Ал, мемлекет мерейін үстем еткен көрме басталғалы бері келгендердің саны - 3 миллион адамнан асты. Меймандар әсіресе, Мысыр, Түркия, Тайланд, Әзірбайжан павильондарын көп аралаған. Сондай-ақ, көршілес Өзбекстан, Ресейге де қызығушылық зор. Қазақ тілінде қарсы алатын Жапон павильоны да ең көп тамашалаған орынның бірі. Ал, нысандарға келсек, қонақтар «Шелл» балалар зертханасы, балғындарға арналған саябақтар, шығармашылық энергия аймақтарына көптеп барады.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу