Бүгін «ЭКСПО» көрмесінің басталғанына 55 күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «ЭКСПО» көрмесінің басталғанына 55 күн

03.08.2017

Көзді ашып-жұмғанша, күллі ел болып күткен халықаралық шараның жартысынан көбі өтті. Көрме көпшіліктің көңілінен шықты деуге толық негіз бар. Себебі, осы уақыт ішінде қалашыққа келген адамдар саны 2 миллионға жуықтады. «ЭКСПО» көрмесіне деген қызығушылық күн өткен сайын артып келеді.

Әлбетте, танымал павильондар қатарын Қазақстанның «Нұр әлемі», коммерциялық павильондар, балалар паркі бастап тұр. Ал, өзіндік экзотикасымен көпті ынтықтыратын елдер қатарында Африка плазасы, Үндістан, Мысыр, Түркия, Ресей алаңдары бар.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу