Малайзия павильонында жастар апталығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзия павильонында жастар апталығы басталды

21.08.2017

Малайзия павильонында тағы бір апталық басталды. Ол - «Көбелек әсері» және «Жастар апталығы» деп аталады. «Көбелек әсері» деп аталуының да өзіндік мәні бар. Малайзиялықтарда «кішкентай көбелектің қанат қағысынан пайда болған жел, әлемнің екінші бұрышындағы мұхит толқынына себеп болады» деген қағидамен үндес акция бар. Бұл акция бүкіл әлемге «жасыл даму» туралы идеяны насихаттау үшін бағытталған. Шараның ашылуына Малайзияның Селангор штатының мұрагер ханзадасы арнайы келіпті. Мәртебелі мейманның қатысуымен екі елдегі белгілі компаниялар арасында бірнеше келісім бекіді. Құжатқа сәйкес, екі ұйым инновациялар мен өнімділікті арттыру бойынша бастамалар саласында бірлесе жұмыс істейтін болады. Ерекшелігі сол, жобаларға тек жастар тартылады.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу