Малайзия павильонында «Тұрақты қалалар» апталығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзия павильонында «Тұрақты қалалар» апталығы басталды

02.08.2017

Салтанатты шараға Қазақстандағы Малайзия елшісі мен Малайзиядан келген ресми делегация қатысты. Малай елі – «жасыл» экономикасы дамыған мемлекет. Сондықтан, олардан үйренетін нәрсе көп. Жалпы, әлем бойынша көміртегінің 70 пайызы қалалардан шығады. Сондықтан, жылыжай газдарының шығарылуынан осы шаһарлар көш бастап тұр.

Бұл орайда Малайзия елінің өз тәжірибесі бар. Онда «төмен көміртекті қалалар» бағдарламасы қарқынды жұмыс істейді. «Бұл – жергілікті әкімшілікке неғұрлым «жасыл» шешімдерді қабылдауға көмектеседі», - дейді авторлар. Алдағы 3 күн бойы тәжірибе алмасулар мен панельдік тақырыптар бойынша отырыстар өтеді. Сондай-ақ, малайзиялық және қазақстандық компаниялар өзара келісімдер орнатпақ. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу