Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Финляндияның энергетикалық күні» атты форумда айтылды. Шараға қос елдің белді сарапшылары, дәстүрлі энергетика өндірумен айналысатын мамандары қатысты. Жиында тараптар жаңа технологияларды игеру арқылы энергия тиімділігін аттыру жолдарын қарастырды. Финляндияның бұл бағыттағы тәжірибесі мол. Сондықтан, олар қазақ нарығына саладағы білген-түйгендерін енгізбекші. «Өйткені, Қазақстан халықаралық «ЭКСПО» көрмесі арқылы энергетикалық әлеуеті жоғары екенін дәлелдей білді»,- дейді финдық мамандар.