«Транстелеком» АҚ «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің серіктесі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Транстелеком» АҚ «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің серіктесі болды

11.02.2016
«Транстелеком» АҚ «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің серіктесі болды

Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Транстелеком» елдегі телекоммуникациялық, инфокоммуникациялық қызметтерді жүзеге асырушы ең ірі  ІТ компаниялардың бірі және ең ірі байланыс операторы.   

«Қазқстандық компаниялардың инновациялық жобаларға сәтті кірігуі әрине барлығымызды қуантады. Оның кең көлемде тарамдалған желілері бар. Өз кезегінде бұл жағдай бізге бүкіл Қазақстанды қамтуға мүмкіндік береді. Сол себепті алдыңғы қатарлы қазақстандық «Транстелеком» компаниясының біздің жобаға қатысуы еліміздің инновациялық дамуының болашағының зор екенін және Елбасының осы бағыттағы тапсыраларының орындалып жатқандығын көрсетеді»,-деді өзінің сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов.   

«Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің «ІТ серіктесті» болу «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының ұлттық жобасының бір бөлігі. Әрине, бұл біз үшін үлкен мәртебе. ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстан үшін сөз жоқ айтулы оқиға болады. Ал, «Транстелеком» акционерлік қоғамы болса «Астана ЭКСПО-2017» жобасымен жұмысты бастады. Біз алдағы болатын шараның маңыздылығын айқын түсінеміз. Сол себепті біз алдыға қойылған міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарамыз»,-деді Дәурен Пшембаев.

Алдағы уақытта «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы мен «Транстелеком» акционерлік қоғамы Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің жұмыстарын жетілдіру мақсатында бірлескен шараларды жүзеге асыратын болады. 

Хабарламаларға жазылу