«ЭКСПО-2017» көрмесі кешенінде «Кремний алқабы» бұрышы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017» көрмесі кешенінде «Кремний алқабы» бұрышы ашылды

22.06.2017

Бұл - үздік технологияларды зерттеу және Қазақстандағы инновациялық жаңғыруларды көрсететін алаң. Айта кетейік,  жыл басында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барып, Кремний алқабында Қазақстан Өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойған болатын. Жаңадан ашылған осы орталықта енді шет мемлекеттерде, экономиканың түрлі салаларында қолданылатын тәжірибелер таныстырылатын болады. «ЭКСПО» көрмесінен кейін де «Кремний алқабы» бұрышы өз жұмысын жалғастырады.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу