«Таңшолпан». Күн энергиясын тұтынатын үй туралы не білесіз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Күн энергиясын тұтынатын үй туралы не білесіз? (ВИДЕО)

15.08.2017

«Гүлдер қуаты» деп аталатын швейцариялық павильонды дайындап, жасақтау үшін 4,2 млн швейцарлық франк жұмсалған. Мұнда кіріп келгенде ең алдымен көзге гүл пішініндегі айналмалы құрылғылар түседі. Бұл Швейцарияда жел энергиясының көп пайдаланылатынын білдіреді. Әрі павильонның атауына да сай келіп тұр.

Таңғы бағдарламаның өткен шығарылымдарының бірінде Швейцария павильонының директоры Мануель Залхли келіп, сұхбат берген болатын.

«Көлемі 560 ш.м. павильонымызға келгенде өзіңізді Швейцарияның бағында жүргендей сезінесіз. Бұл бақта 4 үй бар.

Біріншісі еліміздің биік тауларында салынған, Күннен энергия алатын үйдің макеті. Баспананың ішінде үлкен экраннан Күн энергиясының маңыздылығы жөнінде қызықты деректермен танысасыз.

Павильонның екінші бөлігінде қонақтар  шалқасынан жатып, төбедегі экраннан су энергиясының тиімділігі туралы ақпарат алады.

Ал, үшінші үйде келушілер картоптан жасалған Швейцарияның ұлттық тағамынан дәм татады. Мұнда швейцарлар картоптың қабығын да ұқыпты пайдаланып, геогаз жасап, қолданатынын білдік. 5-6 келі картоп қабығынан бір автобусқа 100 шақырым жол жүруге мүмкіндік беретін геогаз алуға болады екен.

Төртінші бөлікте Швейцариядағы жаңа технологиялар және техника түрінен хабардар боласыз», - дейді Швейцария павильонының директоры Мануель Залхли.

Хабарламаларға жазылу