«Таңшолпан». Голография әдісі туралы не білесіз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Голография әдісі туралы не білесіз? (ВИДЕО)

31.07.2017

Жапонияда голограмманың көмегімен жасалған хайуанаттар бағы ашылды. Яғни, мұнда жан-жануарлардың бейнесін голограмма кескіндейді. Сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан виртуалды парк ересектердің де, балалардың да қызығушылығын оятты.

АҚШ-ң Орландо қаласында «Universal» киностудиясының өнімі «Jurassic Park» фильмінің кейіпкерлері, яғни динозаврлар осындай ерекше технологиялар арқылы қайта тірілді.

Голограмма тек кескінді ғана беріп қоймай, сонымен қатар динозавр әрбір әрекетінің дыбысы да шығып тұрады. Сондықтан әсерлер еселенеді.

Голограммамен жасалатын виртуалды зообақ көрерменмен байланысқа түсе алады. Өйткені бейнекамерамен көрерменді бақылауға болады, әсіресе осы озық әдіспен пайда болатын жануарлардың әрекеті шынайы шығады.

Хабарламаларға жазылу