«ЕХРО-2017» көрмесіне келген халықаралық көрмелер клубының комиссарлары Павлодарға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЕХРО-2017» көрмесіне келген халықаралық көрмелер клубының комиссарлары Павлодарға барды

25.07.2017

Бұл шаһар алдағы уақытта «Жібек жолы» халықаралық қауымдастығы құрамына енген Қазақстанның тұңғыш аймағы атануы мүмкін. Мәселен, Астанадағы «Invest in Pavlodar» орталығында болғаннан кейін қонақтар бірден Керекуге баруға ниет білдірген.

Комиссарлар алдымен жергілікті өнімдер қойылған көрмеде болды. Аймақта өндіріске қажетті тауарлар шығаратын кәсіпорындар қатары көбейіп келеді. Олардың алды өз өнімдерін экспортқа жіберіп жатыр. Оның үстіне Павлодар тоғыз жолдың торабында орналасқан қала. Ресейдің үш бірдей аймағымен көрші. Қытаймен арадағы шекара да алыс емес. Көне жібек жолындағы шаһардың географиялық орналасу ерекшелігі мәртебелі меймандарды бірден қызықтырды.

«Жібек жолы» халықаралық қауымдастығының бас хатшысы Раджеш Кумардың айтуынша, Павлодар қаласы қауымдастыққа шақыру алды. Әрі Керекуде осы ұйымның симпозуимын өткізу ұсынысы жасалып отыр. «Қазірдің өзінде екі жақты ынтымақтастық меморандумын бекітуге дайынбыз», - деді мәртебелі мейман.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу