Парижде ЕХРО-2017 көрмесінің құжаты таныстырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде ЕХРО-2017 көрмесінің құжаты таныстырылады

26.11.2013
Парижде ЕХРО-2017 көрмесінің  құжаты таныстырылады
Ертең еліміз Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 154-ші отырысына қатысады. Онда Астана ЕХРО-2017 ұлттық компаниясы бюроға өзінің негізгі тіркеу құжаттарын таныстырады. Құжаттағы басты талап көрмені өткізетін нысандардың құрылысына қойылады.
 
Еліміз халықаралық көрме өтетін қалашықтың құрылысын 2016 жылдың желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ЕХРО-2017 көрмесінің әрбір нысаны белгілі бір тақырып аясына сай салынады.
 
Қазақ елі өткізетін көрменің негізгі тақырыбы «жасыл» экономика, яғни, баламалы энергия көздерін өндіруге арналады. Сонымен қатар, Парижде өтетін бюро отырысында Астана ЕХРО-2017 компаниясы Елорданың инфрақұрылымын дамыту, көрмені жарнамалау, оған инвестиция тарту және көрмеден кейін көрме нысандарын пайдаға жаратудың негізгі мақсат-міндеттерін жариялайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, халықаралық көрме бюросына тапсырылатын құжатты Үкімет жанынан құрылған арнайы мемлекеттік комиссия әзірлеген.
 
Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу