ЕХРО-2017 кезінде 90 күн бойы мәдени шаралар ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕХРО-2017 кезінде 90 күн бойы мәдени шаралар ұйымдастырылады

22.10.2014
ЕХРО-2017 кезінде 90 күн бойы мәдени шаралар ұйымдастырылады

ЕХРО-2017 кезіндегі үш айда мәдени шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін  Тәуелсіздік сарайында Халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысушылардың бірінші жиналысында  «Астана ЕХРО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ маркетинг және ілгерілету департаментінің директоры Әсел Қожақова мәлім етті.

Оның айтуынша, түрлі шоу, «Болашақ энергиясы» тұрғысындағы тақырыптық шаралар, фестиваль, көрме, концерттер, сондай-ақ өзге де мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Атап айтқанда бұл шаралардың барлығы 93 күнге созылатын болады.

Ойын-сауық шаралары бүкіл елорда аумағында өтеді.        

Айта кету керек, Астанадағы халықаралық қатысушылардың жиналысы ЕХРО-2017 көрмесі басталғанша жыл сайын өткізілетін болады. 

Хабарламаларға жазылу