«ЭКСПО» көрмесі аясында көне Тараздан елордаға этнографиялық керуен келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО» көрмесі аясында көне Тараздан елордаға этнографиялық керуен келеді

24.07.2017

Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов хабарлады. 26-шілдеде Астанаға ат басын тірейтін керуен «Ұлы Жібек жолы» бойындағы сауда, мәдениет, өркениеттің рухани орталығы болған ежелгі Тараздың тарихын терең таныстырмақ. Әр жерде киіз үй тігіліп, өңірдің өзгешеліктері паш етіледі.

Бұдан бөлек, ЭКСПО аумағында «Әуені әсем Әулие ата!» атты мерекелік концерт қойылса, 29-30 шілде күндері «Қазанат» ипподромында ұлттық ат спорт түрлерінен түрлі ойындар көрсетіледі. Ал, соңғы күндері өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Мұнда 16 тоннадан астам азық-түлік өнімдері қойылмақ. 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу