Астанада Жамбыл облысының мәдениет күндері басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Жамбыл облысының мәдениет күндері басталды

26.07.2017

20 мамырда Жамбыл облысынан жолға шыққан «Ұлы жібек жолы. «Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» атты этнографиялық керуені бас қалаға табан тіреді. Екі жүзден астам адамнан құралған мәдени көш екі ай бойы жер-жерлерге тоқтап «Экспо» көрмесін насихаттауға арналған шаралар өткізді. 20 түйеге жүк артып, 46 атқа мініп сән–салтанатымен келген көш көне үрдісті жалғастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Енді апта бойы Жамбыл облысынан келген өнерпаздар «ЭКСПО» қонақтары мен қала тұрғындарына тарихи өлкенің мәдениеті мен өнерінен сыр шертетін шаралар ұйымдастырмақ.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу