Оған ұлыбританиялық экономистер мен экологтар қатысуда. Оксфорд университетінің кәсіпкерлік мектебінің өкілдері де бар. Сарапшылар әлемдік энергетика саласындағы проблемаларды талқылауға жиналған. Атап айтсақ, энергиядан бөлінетін көміртекті азайтудың жаңа механизмдерін дамыту, ресурстарды тиімді пайдалануды сөз етті.
Айта кетейік, форум кеше басталды. Бас-аяғы 12 отырыс өтеді. Нүктесі қыркүйектің 4-5-терінде қойылады. Соңында «Астана ЭКСПО-2017 - принципі мен құндылықтар манифесті» қабылданады. Құжатта барлық 12 жиын барысында әңгіме болған маңызды мәселелердің басты шешімдері және ұсыныстары көрсетілмек.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ