Мемлекет басшысы «Еуразия құрлығының транзиттік әлеуеті» форумына қатысты

02.10.2019

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия континентінің транзиттік әлеуеті» форумының жұмысына қатысты. Кеңестің шешіміне сәйкес, мұндай форумдар төрағалық етуші тараптан әртүрлі тақырыптарда, интеграциялық бірлестікке мүше-мемлекеттердің мүдделеріне сай өтіп тұратын болады. Сонымен қатар Еревандағы форумда көлік-логистика саласын дамыту, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің, транзиттік мүмкіндіктерін нығайту мәселелері талқыланды.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу