Елордада «Болашақ энергиясы» форумы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Болашақ энергиясы» форумы өтуде

20.07.2017

«ЭКСПО» алаңында әлем сарапшылары «Жасыл экономика» саласындағы негізгі түйіткілдерді талқылап жатыр. Астанада «Болашақ энергиясы: бүгінгі белес» атты халықаралық төртінші форум басталды. Оның аясында Қазақстан үнемділікке көшудің тың жолдарына қатысты жобаларды сөз етті. Әрі соңғы технологиялармен жұмыс істеуде шетелдік әріптестермен тәжірибе алмаспақ. Елімізде қазір сағатына өндірілетін энергияның 920 млрд. килловаты желден, 2,5 млрд-ы Күннен алынады. Ендігі меже - осы көрсеткішті ұлғайту. 

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу