73 жастағы қария «ЭКСПО» көрмесіне автостоппен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

73 жастағы қария «ЭКСПО» көрмесіне автостоппен келді

12.07.2017

73 жастағы зейнеткер «ЭКСПО-2017» көрмесіне Алматыдан автостоппен келді. Яғни, қария бір қаладан бір қалаға өткен кезде кез келген көлікті тоқтатып, келіскендеріне отырған. Осылайша, Әбілтай Шайыхов 1000-нан астам шақырым жерді 2 күннің ішінде жүріп өткен. Мақсаты - жол-жөнекей кездескендерге Қазақстаннның, Астананың бүгінгі жетістігін таныстыру, халықаралық маңызы бар көрменің бізде өтіп жатқандығын мақтан етіп айту.

70-ті алқымдаған кезде көрмеге көліксіз келіп, өзгелерге үлгі көрсету. «Осы ісім арқылы «ЭКСПО»-ны жарнамалап қана қоймай, салауатты өмір салтын да насихаттадым»,- дейді зейнеткер.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу