Мұхтар Манкеев: EXPO мемлекетке үш бағытта пайдасын тигізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхтар Манкеев: EXPO мемлекетке үш бағытта пайдасын тигізеді

29.06.2017

Елордадағы EXPO көрмесінің ашылғанына бүгін 20 күн толды. Ауқымды шара жұмсалған қомақты қаржыны ақтай ма? «Болашақтың энергиясы» тақырыбы қаншалықты сәтті таңдалды? Елбасының рухани жаңғыру туралы мақаласы жаһандану заманында ел тұрғындарына қалай әсер етті? Антижаһанданудың кілті неде?

«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының кеңес төрағасы Мұхтар Манкеев бүгінгі «Басты тақырыпта» осы сауалдарға жауап берді.

«Көпшілік жұмсалған қаражаттың қайтып келуін ойлайды. Бірақ, EXPO-ның ең басты құндылығы – рухани өзгеріске әсерінің болуы. Үш бағытын алатын болсақ, Астананың дамуына оң өзгеріс әкелуі, оның ішінде инфрақұрылымның дамуы. Бой көтерген нысандардың көпшілігі - жеке тартылған инвестициялар. Осыдан барып, екінші бағыт шығады. Қанша инвестиция тартылғанын көріп отырмыз. Басты инфрақұрылымды мемлекет салып бергенімен, айналасындағылар жеке инвесторлардыкі. Үшіншісі – жас мемлекетке беретін брендтік мүмкіндік. EXPO-дан күтетін ең басты құндылықтар – осы.

Қаржыны қайтарып алу жағына қайта оралатын болсақ, тәжірибе көрсеткендей, оның әсері алдағы 3-4 жылдың ішінде белгілі бір салалардың дамуынан байқалуы тиіс», - дейді студия қонағы.

Сондай-ақ, Мұхтар Манкеевтың айтуынша, 20 күннің ішінде көрмені жарты миллион адам тамашалаған. Бұл да - үлкен көрсеткіш. Оның 80-90 пайызы - еліміздің тұрғындары.

Толық нұсқа

 

Хабарламаларға жазылу