«ЭКСПО-2017»: Италия ұлттық күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЭКСПО-2017»: Италия ұлттық күні

04.09.2017

«ЭКСПО-2017» көрмесінің аяқталуына бір апта қалса да, келушілер қатары азаяр емес. Күні кеше 3-қыркүйекте келушілердің рекордтық көрсеткіші тіркелді. Бір күнде көрмені 75 мыңнан астам адам тамашалаған.

Ал, соңғы бір аптадағы меймандар саны 400 мыңға жуық. Әсіресе, «Нұр Әлем», «Мысыр», «Африка плазасы» павильондарына келушілер қарасы қалың.

Тілшіміз Фариза Мұсақызы қонақтардың көп қызығушылығын туғызған Италия павильонынан тікелей байланысқа шығып баяндайды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу