Ауқымды шаралардың алғашқы легі жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, облыстың шығармашылық ұжымдары «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты гала-концертті паш етті. Әуезді ән әуелете шырқалып, бишілер түрлі жанрдағы туындыларды орындады.
Айта кетейік, Ақмола облысының Мәдени күндері маусымның 20-сы мен 25-і аралығында жалғасады.
Азамат НҰҒЫМАНОВ