Оралда «EXPO-2017» кеңсесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда «EXPO-2017» кеңсесі ашылды

13.06.2017

Бұл жерде халық көрмеге қатысты барлық мағлұматпен таныса алады. Бір апта ішінде мыңнан астам азамат мамандар кеңесіне жүгінген.

Кеңседе колл-орталық та бар. Желі арқылы EXPO-2017 билеттеріне тапсырыс беруге болады. Әзірге айтулы шараны тамашалауға Батыс Қазақстаннан 10 мың тұрғын билет сатып алған. Колл-орталық мамандары үш тілде қызмет көрсетеді. 

Оқушылардың көрмені көруі үшін Білім және ғылым министрлігі әр аймаққа квота бөлгені мәлім. Облыстан  1500дарынды жеткіншек және аз қамтылған отбасылардың балалары көрмені тегін тамашалайды.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу