Неміс велосипедшісі Фолькер Штюве EXPO-2017 көрме кешенін көруге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Неміс велосипедшісі Фолькер Штюве EXPO-2017 көрме кешенін көруге келді

08.08.2015
Неміс велосипедшісі Фолькер Штюве EXPO-2017 көрме кешенін көруге келді

Энергиямен жабдықтау, орталықтан жылыту және телекоммуникациялар саласындағы жасыл технологиялармен айналысатын «RTS» неміс компаниясының қызметкері Фолькер Штюве EXPO-2017 құрылыс алаңына сапармен келді.

Ол туған қаласы Билефельдтен (Германия) шілденің басында шығып, Астанаға дейінгі 5200 шақырымдық жолды жарыс велосипедімен жүріп өткен.  

Фолькер Штюве EXPO-2017 көрмесінің салынып жатқан нысандарымен танысты.  

 «Біз сізді EXPO-2017 көрмесі алаңының аумағында қарсы алып отырғанымызға қуаныштымыз. Сіз экологиялық таза көлік және жасыл технологиялар дәуірі басталғанының жарқын үлгісін көрсетіп отырсыз.

EXPO-2017 көрмесі тәжірибе алмасу мен инновациялық жетістіктерді көрсетуге арналған жаһандық алаңға айналатын болады», - деді «Астана EXPO-2017» ҰК өкілі Сәуле Бөлебаева.

Алаңда Ф.Штювеге құрылыс қарқыны туралы мағлұматтар беріліп, естелік сыйлықтар табысталды.

Хабарламаларға жазылу