Астанада «EXPO-2017» аллеясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «EXPO-2017» аллеясы ашылды

28.04.2015
Астанада «EXPO-2017» аллеясы ашылды

Астанада Ұлттық орман отырғызу күніне орай «EXPO-2017» аллеясы ашылды.

Жаңа аллея бойына EXPO басшылығы, депутаттар, Елшілер мен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары тал екті. 1600 көшет егілген аллея алты қатардан тұрады.

Әр қатары  нақты адамдар тобына, яғни, дипломаттар, депутаттар, Парламент, БҰҰ көшеттері деп бөлінген.

Сондай-ақ, аумақта еске алу тақтасы орнатылады. Бұл жерге ардагерлерге тағзым етуші барлық қала тұрғыны келе алады.

Шара мамырдың соңына дейін жалғаспақ.   

Талғат Ермегияев, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы: 

Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын, дейді.  Бүгін бәріміз EXPO аллеясының ашылуына жиналып отырмыз. Осылай, қолдау көрсетіп жатқандарыңызға рахмет!

 

Әлия ӘШІМ 

Хабарламаларға жазылу