Оқушылар құрастырған робот ЕХРО көрмесіне қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар құрастырған робот ЕХРО көрмесіне қойылады

16.05.2015
Оқушылар құрастырған робот ЕХРО көрмесіне қойылады

Ақтаулық оқушылар ЕХРО көрмесіне қойылатын робот құрастырып шығарды. Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп лицейінің тәлімгерлері оқу бағдарламасына енген пәнді осылайша жетілдіріп жатыр.

Мұндай роботтар Ақтауда тұңғыш рет құрастырылып отыр. Құлтемірді лицейдің 8-сынып оқушылары жасаған.

Оқушылар ұсақ-түйек бөлшектерден 5 робот шығады, дейді. Жүк көтергіш құлтемір арнайы пультпен немесе қалта телефоны арқылы басқарылады. Оқушылар үлгіні құрастырып, бұйрық жадын орнату үшін шамамен 2 сағат уақыт жұмсады. Енді дарынды балалар жаңа құлтемірдің үлгісін табу үшін тер төгіп жатыр. Жапония технологиясымен жасақталған құрылғының құны қымбат. Оны оқу орны арнайы тапсырыспен шетелден алдырған.

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу