Павлодардағы оқушылар сарайында екі күн бойы құлтемірлер көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы оқушылар сарайында екі күн бойы құлтемірлер көрмесі өтеді

05.01.2018

Роботтарды оқушылар құрастырған. Шараның алғашқы күні-ақ балалар қиялынан шыққан туындылар бизнес өкілдері тарапынан ерекше қызығушылық тудырды. Ең бастысы, оқушылардың заман сұранысына лайық ұсыныс жасай білгендігі қуантады. Олар техника тілін меңгеріп қана қоймай, оны күнделікті өмірде қолдану маңыздылығын ескерген. 100-ге тарта робот әр салада қызмет атқарады. Мәселен, баянауылдық өнертапқыш «ақылды робот-трактор» ойлап тапқан. Ол басқа көліктерге бөгет жасамай, тар көшелердің өзін тазалап береді.

Едіге Бердеш, 8-сынып оқушысы:

- Қазіргі күні қар тазалайтын көліктер басқа көліктерге кедергі болады. Олардың қызметі өте аз. Артқа жүріп немесе бұрылып, содан кейін бір-ақ жүк көлігіне төгеді. Ал, мен жасап әкелген көлік қарды алып үстіндегі трап арқылы артында жүретін жүк көлігіне немесе арбаға салады.

 

Болат АМАНБАЕВ     

Хабарламаларға жазылу