Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев шағын және орта бизнес кәсіпорындарын EXPO нысандарының құрылысына қатысуға тартуға қатысты көшпелі отырыс өткізді.
Кеңеске орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, құрылыс ұйымдары мен аймақтық тауар өндірушілерінің өкілдері қатысты.
Бүгінгі күні көрме құрылысының бас мердігерлері мен тауар өндіруші кәсіпорындардың арасында жалпы сомасы 3 миллиард теңгеге 18 келісімшарт орнатылған.