EXPO-2017 көрмесінің құрылысына бүгінге дейін 101 қазақстандық кәсіпорын тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесінің құрылысына бүгінге дейін 101 қазақстандық кәсіпорын тартылды

24.06.2015
EXPO-2017 көрмесінің құрылысына бүгінге дейін 101 қазақстандық кәсіпорын тартылды

 «Астана EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі нысандарының құрылысына бүгінгі күні 101 қазақстандық кәсіпорын тартылды.

Елбасының көрме құрылысына және оны дайындау ісіне аймақтық бизнесті тарту жөніндегі тапсырмасы бойынша келісімдерді «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы жүргізуде.

Меморандумдар шеңберінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 87 миллиард теңгеге 83 кәсіпорынмен келісімшарттарға қол қойылған.

Олардың ішінде 65 компания Астанадан, бір компания Солтүстік Қазақстан облысынан, 12 компания Қарағанды облысынан, екі компания Павлодар облысынан, екі кәсіпорын Оңтүстік Қазақстан облысынан және бір компания Шығыс Қазақстан облысынан  қатысып отыр.

101 өндірушінің ішіндегі 18 кәсіпорын меморандумдар аясынан тыс келісімшарттар бойынша жұмысқа тартылған.

«Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалу және оны өткізу үшін 2013 жылдың 15 қаңтарында құрылды. Шара Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан бастап, 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта өтеді.

Оған 100 ел, 10-ға жуық халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады, деп жоспарлануда.

 

Хабарламаларға жазылу